"Қазцинк" кәсіпорнындағы жарылыстан зардап шеккендердің бірі Астанаға жеткізіледі

511

Зардап шегушінің бел омыртқасы сынғаны анықталды.

"Қазцинк" кәсіпорнындағы жарылыстан зардап шеккендердің бірі Астанаға жеткізіледі Фото: Казцинк

Өскемендегі "Қазцинк" кәсіпорнында болған жарылыстан зардап шеккендердің бірі санавиация арқылы Астанаға жеткізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, республикалық деңгейдегі мамандар облыстық мамандандырылған медициналық орталыққа барып, ем алып жатқан науқастарға қосымша тексеру жүргізген.

"1983 жылы туған, бел омыртқасының үшінші омыртқасы сынған пациентті дәрігерлер қарап шықты. Оны әуе көлігімен тасымалдауға болады деген қорытынды жасалды", – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Бүгін ер адамды санитарлық авиация арқылы Астанадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына жеткізу жоспарланып отыр. Сол жақта ол ары қарайғы мамандандырылған ем қабылдайды.

Ал ауыр жарақат алған екінші науқастың жағдайы әлі де аса ауыр күйде қалып отыр. Оның денесінің 90 пайызын күйік шалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу