Қаздан қашып әлемге танымал болған балаға ерекше сыйлық берілді

Бұл туралы баланың әкесі Махамбет Ермеков хабарлады.  

Қаздан қашып әлемге танымал болған балаға ерекше сыйлық берілді Фото: коллаж Inbusiness.kz

Ол Керейдің 100 қазға ие болғанын айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ерекше сыйлықты "Ауыл" партиясы филиалының төрағасы Әлібек Базарғалиев табыстаған

– Қаздардан қашып жүрген Керей – енді 100 қаздың иесі! Сыйлықты Керейге Әлібек Базарғалиевтің өзі берді, – делінген хабарламада.

Inbusiness.kz тілшісі бір ай бұрын қаздан қашқан қазақ баласының видеосы 100 миллион қаралым жинағанын жазған еді.

Бұл видеоның шынайылығы сонша оны америкалық рэпер Snoop Dogg өз парақшасына бөліскен болатын. Одан соң қазақ баланың танымалдығы артып, шетелден де хабарласып, сұхбат алушылар көбейген. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу