"Қазфосфат" ЖШС жұмысшыларының талаптары орындалып жатыр

604

Жұмысшылардың жалақысына келесі жылы 80 мың теңге қосылатын болды.  

"Қазфосфат" ЖШС жұмысшыларының талаптары орындалып жатыр Фото: zhambylnews.kz

"Қазфосфат" ЖШС-інде орын алған жағдайға байланысты облыс басшылығының, тиісті орындардың және серіктестік қызметкерлерінің қатысуымен жұмысшы топ құрылып кездесулер өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Кездесуде жұмысшылар тарапынан еңбек қатынастары бойынша 14 мәселе көтерілген. Олардың қатарында: іс-қағаздарды қазақ тілінде жүргізу, айлықты көтеру, емдеу, сауықтыруға қаражат қарастыру, цехтардағы зиянды жұмыстар бойынша теңсіздікті қарастыру, арнайы жұмыс киімді мерзімінде ауыстыру және сапасын жоғарлату, жұмысшыларды тасымалдау орындарын ұлғайту, жақсы әрі сыйымды көліктермен қамту мәселесі қаралды.

Қабылданған шараларға сәйкес жұмысшалырдың қажетті материалдарын қалаған тілінде беру мәселесі қатаң бақылауға алынатын болады. Бүгінгі күнге орташа айлық көлемі 255,9 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар, биыл желтоқсан айында 13-айлық жалақы (100% көлемінде) барлық қызметкерлерге беріледі. Ендігі кезекте, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЖШС қызметкерлерінің жалақысы 50 мың теңгеге, 1 шілдесінен бастап 30 мың теңгеге көтеріледі. Ал, 2024 жылдан бастап шынайы инфляция құнын ескере отырып, жалақыға қосымша жыл сайын қосылып отыратын болады. Бұдан бөлек, компания қызметкерлерін емдеу, сауықтыруға жіберу бойынша келесі жылдан бастап 4 санаторимен келісім-шарт жасалады. ЖШС-нің "Көктал" санаториіне қосымша 5 санаторий ұсынылады. Қазіргі таңда "Қазфосфат" ЖШС-нің цехтарында зиянды жұмыстары бойынша өтемақы төленіп келеді. 2023 жылдан бастап ЖШС-тің барлық өндірісітік цехтары қайта аккредитациядан өтіп, заңнама талаптарына сәйкес цехтар жұмысшыларына зиянды жұмыс жағдайы бойынша өтемақы жаңадан бекітіледі.

"Қазфосфат" ЖШС-нің қызметкерлері толығымен кәсіби жұмыс киім және аяқ киімімен (спецформа) қамтылған десек, алдағы уақытта сол кәсіби жұмыс киімінің сапасы қайта қаралып, пайдалануы бір мерзімдік мезгілде ауыстырылатын болады. Сол секілді "Қазфосфат" ЖШС-нің жұмысшыларын тасымалдау бойынша автопарктермен келісім шарт жасалған. 2023 жылдың қаңтар айынан қосымша жаңа автобустармен жұмысшыларды тасымалдау мәселесі шешілмек. Биыл жыл аяқталғанға дейін жұмысшыларды зауытқа алып кететін қосымша аялдамалар маршруттарға қосылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу