Қазгеология 15 жоба бойынша геологиялық барлауды бастайды

754

Бұл үшін қазіргі уақытта, Жапония, Иран, Түркия, Сингапур, Швейцария, Бразилия, Оңтүстік Африка, Сауд Арабиясы, Қытай, Австралия, Канада, Чили, Россия инвесторларымен келіссөздер жүргізілуде.

Қазгеология 15 жоба бойынша геологиялық барлауды бастайды

Шетелдік инвесторлардың қаржы құйылымдарының есебінен 6 учаскеде геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды "Қазгеология" АҚ баспасөз қызметі.

Осы 6 жоба бойынша тек қана іздеу кезеңінде ғана тартылған инвестициялар сомасы  20 млрд теңгеге жуық құраған. 2018 жылдың аяғында 6 млрд теңге инвестициялар тартылды.

"Бұдан басқа,  2019 – 2020 жж шетелдік инвесторлармен тағы 15 жоба бойынша геологиялық барлауды бастау жоспарлануда. "Қазгеология" АҚ таяу жылдары геологиялық барлауға тартылатын шетелдік инвестициялар сомасын  100 млн АҚШ долларына жеткізуді жоспарлауда", – делінген хабарламада.

Бұл үшін қазіргі уақытта, Жапония, Иран, Түркия, Сингапур, Швейцария, Бразилия, Оңтүстік Африка, Сауд Арабиясы, Қытай, Австралия, Канада, Чили, Россия инвесторларымен келіссөздер жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу