Қазгидромет: 10 қаңтар күні еліміздің басым бөлігінде қатты аяз болады

594

Синоптиктер Қазақстан бойынша 10 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қазгидромет: 10 қаңтар күні еліміздің басым бөлігінде қатты аяз болады Фото: azattyq-ruhy.kz

"Қазгидромет " РМК таратқан ақпарат бойынша, ҚР аумағының басым бөлігіне Арктикалық антициклон әсер етеді, соған байланысты жауын-шашынсыз, аязды ауа райы болжанды.Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қар жауады, облыстың оңтүстігінде және таулы аймақтарда кейде қатты қар жауып, жел күшейеді, боран, тұман, көктайғақ болады.

"Түнде Маңғыстау облысында  25 градус қатты аяз, Атырау облысында 30 градус қатты аяз, Ақтөбе облысында 35-39 градус қатты аяз, Қостанай облысының шығысында 40 градус қатты аяз болады деп болжанды", - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Астана қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан жел соғады, күші 2-7 м/с. Түнде 33-35°С күндіз  28-30°С аяз  болады.

Алматы қаласы: бұлтты, таңертең және күндіз қар, ауық-ауық қатты қар жауады. Арасында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел соғады, күші 0-5 м/с. Түнде және күндіз 4-6°С аяз, күндіз тағы төмендейді.

Шымкент қаласы: көшпелі бұлтты, әлсін-әлсін қатты қар  жауады. Кей уақытта тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с. Түнде және күндіз 7-9°С аяз болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу