Қазгидромет: Алдағы күндері +15 градусқа дейін күн жылиды

233

"Қазгидромет" алдағы күндердің ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қазгидромет: Алдағы күндері +15 градусқа дейін күн жылиды Фото: khabar.kz

"Қазгидрометтің" хабарлауынша, 5-6 наурызда Қазақстан аумағының басым бөлігі жоғары атмосфералық қысым алқабының ықпалында болады, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде қар жауады деп болжанады.

7 наурызда атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен жауын-шашын, жаңбыр мен қар, көктайғақ, желдің күшеюі болжанады, тек еліміздің шығыс аймақтарын қоспағандаға болжам осындай. Қазақстан бойынша тұман күтіледі.

Термометр бағаны 7 наурызда күндіз Қазақстанның солтүстік жартысында 0-5 дейін болса, оңтүстікте 5-15 градусқа дейін жылиды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу