Қазгидромет ауа райына байланысты 6 өңірде ескерту жасады

457

"Қазгидромет" 6 сәуірде республиканың алты өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазгидромет ауа райына байланысты 6 өңірде ескерту жасады Фото: baq.kz

Синоптиктердің болжамынша, Ақтөбе облысында тұман болады.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында 4 градус үсік болады.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында найзағай ойнайды.

Түркістан облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, бұршақ. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, екпіні - 23 м/с.

Шымкентте кей уақытта найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу