Қажылыққа баратындар үшін Qajy Guide қосымшасы іске қосылды

145

Мобильді қосымша қажыларға сапар барысында қажетті ақпаратты бір жерден алуға мүмкіндік береді.

Қажылыққа баратындар үшін Qajy Guide қосымшасы іске қосылды Фото: www.muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылық сапарына аттанатын азаматтарға арналған Qajy Guide ("Қажы гид") атты жаңа цифрлық қосымшаны іске қосты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Qajy Guide – ҚМДБ-ның ресми жобасы әрі қажылық пен ұмра сапарына баратын жандарға арналған тегін цифрлық көмекші платформа.

Платформада қажылық пен ұмра ғибадатын орындау тәртібі толық түсіндіріліп, пайдаланушыларға ыңғайлы болуы үшін бірнеше пайдалы бөлім енгізілген.

Атап айтқанда, қосымшада қасиетті орындарға арналған виртуалды тур, ғибадат жасау жолдары, діни әдебиеттер, сұрақ-жауап бөлімі, діни терминдер сөздігі, карталар және ресми туроператорлар тізімі қолжетімді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу