Казиноның заңгері пара бергені үшін сотталды

456

Бұл туралы inbusiness.kz Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Казиноның заңгері пара бергені үшін сотталды Фото: inbusiness.kz

2 мамырда Бурабай аудандық сотының үкімімен казиноның заңгері елеулі мөлшерде пара бергені үшін сотталып жиырма есе мөлшерде айыппұл салынды. Айыппұл сомасы 184,5 млн теңгені құрайды.

Ол прокуратура қызметкеріне казиноның қаржылық қызметін тексеру нәтижелерін оң шешкені үшін 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара бергені үшін кінәлі деп танылды.

Сотталған мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу