Қазір қай мамандарға сұраныс жоғары

999

Шілдеде Электрондық еңбек биржасында 87 мың бос жұмыс орны және 70,6 мың түйіндеме орналастырылған.

Қазір қай мамандарға сұраныс жоғары

Қазір орта және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде кадрларға сұраныс жоғары. Бұл туралы "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ Басқарушы директоры Александра Молчановская айтты, деп жазады inbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Оқу кезеңінің басталуына байланысты орта және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде кадрларға деген сұраныс жоғары: қазіргі уақытта қажеттілік 10,2 мың бос жұмыс орнын немесе барлық бос жұмыс орындарының 12%-ын құрайды. Бос жұмыс орындарының көпшілігі Қарағанды (899 бос орын), Жамбыл (792 бос орын) және Алматы (737 бос орын) облыстарында орналастырылды. Жалпы Қазақстан бойынша мұғалімдердің орташа жалақысы 109,4 мың теңгені құрайды", – деді "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ Басқарушы директоры Александра Молчановская.

Ең сұранысқа ие рейтингте екінші орында ауыл шаруашылығы және тұрғын үй құрылысы кәсіпорындары (4 мың бос жұмыс орны немесе 5%-дан) тұр.

Бұл ретте ауыл шаруашылығы саласындағы бос орындардың 36%-ы Түркістан облысына тиесілі, ал құрылыс саласындағы бос орындардың жартысына жуығы (43%) Нұр-Сұлтан қаласында жарияланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу