Қазіргі неміс халқы мен неміс фашистері тең ұғым емес – Мәжіліс депутаты

309

Қоғамда Отан үшін шайқастың терең тарихымен таныспағандар қаһарман майдангерлердің ерлігін жоққа шығарғысы келеді.  

Қазіргі неміс халқы мен неміс фашистері тең ұғым емес – Мәжіліс депутаты Фото: akorda.kz

Бұл туралы Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бүгінгі қоғамда соғыспақ түгілі отан үшін шайқастың терең тарихымен таныспаған, санасы уланған бәзбіреулер қаһарман майдангерлердің нағыз ерлігін жоққа шығарғысы келеді. Қазіргі неміс халқы мен неміс фашистері тең ұғым емес. Егер жаңсақ пікірлерге жол берсек, бұл тарихымызға жасалған қиянат, батырлардың рухына деген құрметсіздік болады. Фашистерді жоюға жан тәнімен арпалысқан Төлеген Тоқтаровтың, батыр қыздарымыз Мәншүк пен Әлияның, Нұркен Әбдіровтың, бір ұрыста жүздеген басқыншыларды жойған Исатай Сүйінбаевтың, Мәскеуді қорғау үшін танкіні тас-талқан шығарған панфиловшылардың ерлігі қайда қалды? Бұл отанды қорғау жолында жанын пида еткен адал азаматтардың нағыз қаһармандығы және асқан ерлігі", – деді мәжілісмен.

Еділ Жаңбыршин өз естелігімен бөлісіп, әулетінде 6 адамның осы сұрапыл соғысқа қатысқанын баса айтты.

"Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіздің де әкеңіздің атасы Қасым атамыз шайқаста ерлікпен қаза тапқанын ел жақсы біледі. Бұл – өшпес тарих, өлмес өнеге", – дейді мәжілісмен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу