Қазіргі уақытта әлемде 303 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған, 12,9 мыңнан астамы қайтыс болды - Хопкинс университеті

984

Ал 91,5 мыңнан астам адам бұл аурудан жазылып шыққан.  

Қазіргі уақытта әлемде 303 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған, 12,9 мыңнан астамы қайтыс болды - Хопкинс университеті

Джон Хопкинс атындағы Американдық университеті жинақтаған мәліметтерге сәйкес, әлемде COVID-19 коронавирусын жұқтырғандар саны 300 мыңнан асады, ал 91,5 мыңнан астам адам бұл аурудан жазылып шыққан.

Университет мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта 303 816 адам COVID-19 жұқтырған, 12 966 адам қайтыс болған.

Инфекцияны көп жұқтырғандар Қытайда тіркелген, яғни оның саны 81 305-ке жеткен. Италияда - 53 578, Испанияда - 25 374 және АҚШ-та - 24 783.

Одан кейінгі орындарда 22 783 жағдаймен Германия, 20 610 көрсеткішімен Иран және Франция (14 308) тұр.

Аурудан қайтыс болғандардың ең көбі Италияда - 4 825, Қытайда - 3 139, Иранда - 1 556 және Испанияда - 1 375.

Сонымен қатар ауырудан сауыққандар саны бойынша Қытай, Иран, Италия, Испания және Оңтүстік Корея көш бастап тұр. Жалпы, әлемде коронавирустан 91 676 адам сауыққан.       

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу