Дивиденд ҚМГ-ның 2025 жылғы пайдасынан төленеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ал, жыл бойы түскен 1,07 трлн теңге таза пайданың 722 млрд теңгесі ұлттық компанияның иелігінде қалады. Акционерлер компанияның дивиденд саясатын басшылыққа алып және 2025 жылғы аудиттен өткен қаржылық көрсеткіштер негізінде "ҚазМұнайГаздың" бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін 573 теңге 66 тиын көлемінде бекітті.
Дивидендтің жалпы сомасы 350 млрд теңгені құрайды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд акционерлер тізілімінде тіркелген тұлғаларға 5 маусымнан төлене бастайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу