"ҚазМұнайГаз" IPO-сына қатысты өтінімдер қабылдау 9-қарашада басталады

711

Басымдық жекелеген инвесторларға, яғни Қазақстан азаматтарына беріледі,  деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

"ҚазМұнайГаз" IPO-сына қатысты өтінімдер қабылдау 9-қарашада басталады Фото: tengrinews.kz

"Самұрық-Қазына" Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, "ҚазМұнайГаз" акцияларының 85%-і "Самұрық Қазына" ӘАҚ АҚ-на тиесілі болады.

"IPO-ға шығарылатын "ҚазМұнайГаз" бағалы қағаздарының әр талының құны 8406 теңге болады, капитализация 5,1 трлн теңге болады күтілуде. IPO-ға өтінім қабылдау 9-қарашада басталып, институционалды инвесторлар үшін 30-қарашада, жекелеген инвесторлар үшін 2 желтоқсанда аяқталады", -деді Алмасадам Сәтқалиев.

"Самұрық-Қазына" ірі активтерін жекешелендіру арқылы Қордың ел экономикасындағы үлесін төмендетуге ниетті.  "ҚазМұнайгаз" IPO-сы, Қазақстан қор биржасы және Астана Халықаралық қаржы орталығы биржасы алаңында өткізіледі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу