"ҚазМұнайГаз" АҚ-ның еншілес компаниясы авиаотынды қымбат сатып келген

506

Өткізілген авиациялық отынның жалпы көлемінің 57,9% үлесін "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ сатып алған. 

"ҚазМұнайГаз" АҚ-ның еншілес компаниясы авиаотынды қымбат сатып келген

"ҚазМұнайГаз" АҚ-ның еншілес компаниясы "ҚазМұнайГаз-Аэро" ЖШС нарық субъектілерімен мәні бірдей келісімдерге әртүрлі бағаларды қолданғаны белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл жағдай азаматтардың өтініштері негізінде 2020-2021 жылдар кезеңінде Нұр-Сұлтан қаласының шекарасында авиациялық отынды көтерме саудада өткізу нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жүргізілген талдау нәтижесінде анықталған.

""ҚазМұнайГаз-Аэро" ЖШС 2021 жылы авиаотынын басқа нарық субъектілеріне қарағанда "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ-ға жоғары бағамен өткізген. Бұл ретте, өткізілген авиациялық отынның жалпы көлемінің 57,9% үлесін "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ сатып алған. Тиісті тауар нарығында үстем жағдайға ие "ҚазМұнайГаз" АҚ еншілес компаниясының бұл іс-әрекеттері Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексін бұзуға алып келген. Серіктестіктің аталған іс-қимылы авиакомпаниялар шығыстарының өсуіне, сәйкесінше салдарынан авиабилеттер бағасының өсуіне алып келетінін атап өту қажет", – деп жазылған Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің хабарламасында.

Агенттіктің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті заңсыздықты тоқтату туралы талабынан соң "ҚазМұнайГаз-Аэро" ЖШС қазіргі уақытта контрагенттерге авиаотынды сату кезінде "Серіктестік баға белгілеуге бірыңғай сараланған тәсілді қолданады".

Бүгінде департамент әлеуметтік маңызы бар авиациялық отынды көтерме/бөлшек саудада өткізу нарығына талдау жүргізіп жатыр.

"Нарық субъектілерінің іс-әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау саласында бұзушылық белгілері анықталған жағдайда, Департаментпен монополияға қарсы ден қою шаралары қабылданатын болады", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу