"ҚазМұнайГаз" АҚ-ның қарызы азайды

652

Ұлттық компанияның қарызы негізінен доллармен алынған.

"ҚазМұнайГаз" АҚ-ның қарызы азайды Фото: inbusiness.kz

2020 жылы ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының борышы 4,3%-ға төмендеген. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" АҚ басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Дәурен Қарабаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының шоғырландырылған қарызы азайды. Қарыз негізінен доллармен алынған. Долларға шаққанда борыш (2019 жылдың соңымен салыстырғанда) 4,3%-ға төмендеді. 2020 жылдың соңында ұлттық компанияның қарызы 9,7 млрд доллар болды", - деді Дәурен Қарабаев. 

Ол "ҚазМұнайГаз" АҚ-ның құрамына кіретін компаниялар қарызын өтеу нәтижесінде жалпы борыш көлемі азайғанын атап өтті.

"Бұл компанияларға "ҚазМұнайГаздың" өзі, Павлодар, Атырау мұнай өңдеу зауыттары және тағы басқалары кіреді", - деді басқарма төрағасының орынбасары.

Айта кетейік, осыған дейін ұлттық компания 2020 жылы 172 млрд теңге таза пайда тапқанын хабарлаған болатын.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу