ҚазМұнайГаз Баку-Тбилиси-Джейхан арқылы мұнай жөнелтуді қайта бастады

531

Ақтау портынан Баку-Тбилиси-Джейхан (БТД) бағытына қарай Қашаған мұнайының 8,8 мың тоннасы жөнелтілді, келесі партия 20 қыркүйекке жоспарланып отыр.  

ҚазМұнайГаз Баку-Тбилиси-Джейхан арқылы мұнай жөнелтуді қайта бастады Фото: kmg.kz

"ҚазМұнайГаз" Баку-Тбилиси-Джейхан құбыр жүйесі арқылы мұнай жөнелтуді қайта бастады, деп хабарлады inbusiness.kz сайты.

Айта кетсек, аталмыш бағыт бойынша мұнай тасымалы биыл тамыз айында тоқтаған еді. 

Баку-Тбилиси-Джейхан бағыты бойынша 2025 жылдың 8 айында Қазақстан мұнайын тасымалдау көлемі 0,9 млн тоннаны құрап отыр.

2022 жылы ҚМГ мен Әзербайжанның SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы арасында Қазақстан мұнайының транзиті туралы бас келісімге қол қойылды. 

2024 жылы ҚМГ мен SOCAR арасында Әзербайжан Республикасының аумағы арқылы мұнай транзитін кезең-кезеңімен ұлғайту туралы келісім жасалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу