"ҚазМұнайГаз" бен Air Astana жуық арада ІРО-ға шықпайды

750

Нарықтың құбылуы бағаны құлдыратып жіберген.  

"ҚазМұнайГаз" бен Air Astana жуық арада ІРО-ға шықпайды

"Самұрық-Қазына" қорының басшылығы "ҚазМұнайГаз" бен Air Astana компанияларының акцияларын мейлінше қымбатқа сатқысы келеді. Сондықтан әзірге бұл активтерді ІРО-ға шығармай, әліптің артын бағу жөн деп шешіпті. Мұны қордың активтерді дамыту және жекешелендіру жөніндегі тең басқарушы директоры Ержан Тұтқышев онлайн-брифинг кезінде айтты.

"Мұнай-газ және әуе тасымалы секторындағы жайда баршаңызға белгілі. Компнаиялардың табысы түсіп тұр. Бұл нарықтардың қашан оңалатыны белгісіз. Сондықтан "ҚазМұнайГаз" бен Air Astana  бойынша әділ бағамен ІРО өткізу жуық арада мүмкін болмай тұр. Біздің компаниялардың қаржылық тұрақтылығы мен өтімділігі дағдарысқа дейін мығым болатын. Мұның өзі қиын кезеңді елеулі шығынсыз өткеруге мүмкіндік береді. Қазір ол акцияларды арзанға сату өзін ақтайтын қадам емес. Air Astana  бойынша компанияның бизнес жоспарын ескере отырып, акциялардың қосымша эмиссиясын өткізу жоспарда бар. Яғни, инвесторлардың ақшасы негізінен компанияның өзін дамытуға бағытталады", – деді Ержан Тұтқышев.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу