ҚазМұнайГаз IPO-ға 5 млрд долларға дейін тартуды көздеп отыр

757

IPO-ға компания акцияларының 25%-ы қойылады деп күтілуде.   

ҚазМұнайГаз IPO-ға 5 млрд долларға дейін тартуды көздеп отыр

"Самұрық-Қазына" қоры ұлттық компаниялардың IPO-ға қатысты жоспарларын айтты, деп хабарлайды LS.

Мемлекеттік қордың активтерді басқару жөніндегі дирекциясының басшысы- басқарушы директор Алмасадам Сатқалиев IPO-ға "ҚазМұнайГаз" акцияларын орналастыруда 2 млрд долларға жуық қаражат тарту жоспарланып отырғанын айтты.

"Тартылатын қаражат орналастыру көлеміне байланысты болады. Біз ҚМГ акцияларын орналастыру арқылы нарықта 3 млрд доллардан 5 млрд долларға дейін тартуға дайынбыз. Бұл қазіргі таңда негізгі жұмысымыз болып отыр", - деді ол.

Бұл ретте ол ұлттық компанияның жалпы құны бүгінгі күні 20 млрд долларды құрайтынын айтып кетті. Сонымен қатар мемлекеттік қор IPO-ның барлық бар аспектілерін қарастырып жатыр, соның ішінде орналастыру алаңын анықтау, орналастыру көлемі, компания активтерінің оңтайлы құрылымдары бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу