"ҚазМұнайГаз": Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалында мұнайды тиеу тұрақты жүргізіліп жатыр

659

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалында мұнайды тиеу жұмыстары тұрақты жүргізіліп жатқанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"ҚазМұнайГаз": Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалында мұнайды тиеу тұрақты жүргізіліп жатыр

"Суасты қалқымалы жабдықты бекіту маңында жарық табылу салдарынан тамыздың 5-сі мен 17-сі күндері бірінші және екінші шығарылатын айлақ құрылғылары істен шыққан болатын. Кейін бірінші шығарылатын айлақ құрылғысында жүк жүйесін тазарту жұмыстары жүргізілді. Екінші шығарылатын айлақ құрылғысының жүк жүйесін тазарту үшін танкер іздеу жұмыстары жалғасуда", – деп жазылған хабарламада.

Үшінші шығарылатын айлақ құрылғысының суасты қалқымалы жабдығы тексерілген, ақау табылмаған.

Хабарламаға сүйенсек, бұл айлақтан танкерлерге мұнайды тиеу тұрақты жүріп жатыр, мұнайды жөнелту кестеге сәйкес жүзеге асырылуда.

"Бірінші және екінші айлақ құрылғыларын қайта іске қосу мерзімдері конкурстық рәсімдер өтіп, болашақ мердігермен келісімшарт жасалғаннан кейін белгілі болады", – деп жазылған оператор хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу