ҚазМұнайГаз "Лукойлдың" Қазақстандағы активтерін сатып алуы мүмкін

324

Бұл туралы "Рейтерс" агенттігі хабарлады.  

ҚазМұнайГаз "Лукойлдың" Қазақстандағы активтерін сатып алуы мүмкін Фото: kmg.kz

Ресейлік "Лукойл" мұнай компаниясының шетелдік активтері сатып алушылар арасында қызығушылық тудырып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Рейтерс" агенттігінің хабарлауынша, мемлекеттер мен ірі корпорациялар АҚШ компанияға қарсы санкцияларды қатаң қолдана бастағанға дейін мәмілелерді жасауға тырысып жатыр.

АҚШ "Лукойлдың" шетелдік активтерінің бір бөлігін Gunvor трейдеріне сату әрекетін бұғаттады. Санкциялар Ресейге Украина бойынша бейбіт келіссөздерге қатысуға қысым көрсету аясында енгізілген.

Шектеулер "Лукойлдың" Ирактағы, Финляндиядағы және Болгарияның "Бургас" мұнай өңдеу зауытындағы жұмысын бұзды.

"Рейтерс"агенттігі үш дереккөзге сүйене отырып, ҚазМұнайГаз "Лукойлдың" Қазақстандағы активтерін сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатқанын жазды. Компания әлемдегі ең ірі газ конденсатты кен орындарының бірі – Қарашығанақтағы үлесіне ие, онда Eni, Shell, Chevron және ҚМГ де жұмыс істейді.

ҚР Энергетика министрлігінің мәлімдеуінше, серіктестік бойынша кез келген шешім санкциялық тәуекелдерді ескере отырып, жобаға қатысушылармен қабылданады.

"Лукойл" активтеріне басқа үміткерлер:

  • Shell компанияның Гана мен Нигериядағы терең сулы блоктыларына қызығушылық танытып отыр.
  •  Мысыр "Лукойлдан" үш жергілікті концессияны сату мүмкіндігі туралы сигнал алды.
  •  Молдова Кишинев әуежайында компания инфрақұрылымын ұлттандыру туралы келіссөздерді бастады.
  • Болгария Бургастағы МӨЗ-ді мәжбүрлеп алуға дайындықты бастады.
  • SOCAR (Әзербайжан) және Cengiz Holding (Түркия) бұған дейін МӨЗ-ді сатып алуға бірлескен өтініш берді.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу