"ҚазМұнайГаздың" таза табысы 96 пайыз төмендеген

585

Ұлттық компания бірінші жартыжылдықтың есебін жариялады.  

"ҚазМұнайГаздың" таза табысы 96 пайыз төмендеген

2020 жылдың алғашқы жартысы мұнай саласы үшін аса ауыр кезек болды. Пандемияның зардабын ең көп тартқан саланың бірі осы мұнай-газ өндірісі. Оған ОПЕК+ аясындағы келісімдердің сәтсіздігі, мұнай бағасының рекордтық  деңгейде құлдырауы қосымша соққы болып тиді. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының қаржылық нәтижелері де мұны растап отыр.

"Алғашқы жартыжылдықта түсім 2 254 млрд теңгені (5 570 млн АҚШ доллары) құрады. Бұл 2019 жылғы кезеңнің көрсеткішінен 33,8% аз. EBITDA көрсеткіші 2019 жылғы бірінші жартыжылдықтағы көрсеткішпен салыстырғанда 46,6% төмендеп, 552 млрд теңгені (1 364 млн АҚШ доллары) құрады", – деп жазады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Алғашқы 6 айда мұнай алпауытының таза пайдасы 2019 жылдың бірінші жарты жылдығымен салыстырғанда 96,7%-ға төмендеп, 21 млрд теңге (51 млн АҚШ доллары) болған. Ал акционерлерге тиесілі пайда 104 млрд теңгені (256 млн АҚШ доллары) құраған.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу