Қазнетте Берік Уәлидің атынан іс жүзінде жоқ мемлекеттік бағдарлама жарнамаланған

1050

Stopfake.kz сайты бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Қазнетте Берік Уәлидің атынан іс жүзінде жоқ мемлекеттік бағдарлама жарнамаланған

Әлеуметтік желілерде Halyk Bank қандай да бір ұйыммен бірлесіп, барлық қазақстандықтарға инвестиция тартуға мүмкіндік беретін мемлекеттік бағдарламаны қолға алғаны туралы хабарландыру пайда болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Stopfake.kz сайты бұл ақпаратты жоққа шығарды. Мұндай мемлекеттік бағдарламаның іске қосылғаны туралы не бұқаралық ақпарат құралдарында, не мемлекеттік органдардың ресми ресурстарында хабарланбаған.  

Жарнамада логотипі бар КТК телеарнасының ресми сайтында Берік Уәлидің бұл тақырыпта сөз қозғағаны туралы мүлде дерек жоқ. Сондай-ақ ол Facebook желісінде инвестицияға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы хабарламалар таратпаған.  Halyk Bank сайтында, сондай-ақ банктің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында үлкен мемлекеттік бағдарлама туралы ақпарат жоқ. Осыған ұқсас бағдарлама жайында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің порталында айтылмаған. Осыдан таралып жатқан жарнамалық хабарламаның фейк екені анықталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу