"Қазпошта" акциялары 2028 жылы IPO-ға шығады

122

"Қазпошта" басшысы Бекежан Жакеев ұлттық компанияның алдағы жоспарлары мен IPO жайлы мәлімдеді.  

"Қазпошта" акциялары 2028 жылы IPO-ға шығады Фото: kaztag.kz

Оның айтуынша, акцияларды алғашқы орналастыру (IPO) 2028 жылға жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Компания басшысы ұлттық оператордың табыстылығын арттыру қажеттігін атап өтті. Үкіметтің қаулысымен "Қазпошта" 2028 жылы IPO-ға шығуы тиіс. Жол картасы әзірленді.

"Біз негізінен шетелдік инвестицияларды тарту жобаларына назар аударғымыз келді. Қазір YTO компаниясымен бірлескен кәсіпорын құрдық – бұл Қытайдың халықаралық логистикалық операторларының топ-10 қатарына кіретін компания. Келесі жоспарымыз – JD.com маркетплейсімен ынтымақтастық, яғни біз бұл маркетплейске қол жеткізу жолын қамтамасыз етеміз. Наурыз айында маркетингтік стратегияның тест нұсқасын іске қосу жоспарланған. YTO сияқты, JD.com-мен ынтымақтастық та белсенді дамиды", – деді Бекежан Жакеев.

Компания басшысы сонымен қатар ірі инфрақұрылымдық жобалардың қатарында логистикалық хабтар салынатынын атап өтті.

"YTO компаниясы Алматы облысында хаб құрылысына кірісті. Жобалық-сметалық құжаттар әзірленді, наурызда құрылыс жұмыстары басталады. Сондай-ақ Ақтөбеде 15 мың шаршы метр логистикалық хаб салынуда. Бұған қоса, Қарағанды әуежайында авиахаб құру мақсатында әуежай басшылығы және YTO өкілдерімен бірлескен кездесу өткіздік. Осының нәтижесінде жергілікті әкімдік әуежай маңынан 4 га жер бөлді", – деді ол.

Сонымен қатар "Қазпошта" эстондық Omniva компаниясымен бірлесіп электрондық коммерцияны дамытуды қолға алмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу