Қазпошта клиенттерінің несиелерін өтеуге көмектеседі

1032

Қазпошта клиенттерінің несиелерін өтеуге көмектеседі

"Казпошта" АҚ Post.kz-те тіркелген клиенттер арасында науқан өткізеді. Енді несиені post.kz арқылы төлеген кезде, клиент автоматты түрде "Несиелік демалыстар" науқанының қатысушысы болады.

"Біз айлық төлемі 150 мың теңгеден аспайтын кездейсоқ жеңімпаздың он екі айлық несиесін төлеп береміз. Егер айлық төлем 150 мың теңгеден аз болса, онда компания айлық төлемнің баламалы сомасын аударады" – делінеді "Қазпошта" АҚ-ның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Науқан аяқталған кезде, жеңімпаз Қазпоштаға несиені өтеу кестесі мен несиені алған шартының түпнұсқасы мен көшірмесін көрсету керек. Бұл құжаттар Post.kz сайтында төленген несиенің деректерімен сай болуға тиіс.

Науқанның жеңімпазы 2016 жылдың 29 желтоқсанында random.org қызметі арқылы анықталады. Науқанға "Қазпошта" АҚ қызметкерлері және айлық төлемнің сомасын өзгерткен Post.kz қолданушылары қатыса алмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу