Қазпошта қызметкерінің өтірігі әшкереленді

1041

Қазпошта қызметкерінің өтірігі әшкереленді

 

Алматы облысының полицейлері 27 жастағы Қазпошта кассасының қызметкерінің өтірігін әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
23 тамыз күні Еңбекшіқазақ ІІБ-ның кезекші бөліміне Қазпошта кассасының қызметкері қоңырау шалып, жұмыс орнында ұрлық болғанын хабарлаған. Ұры кассадан 782 000 теңге алып кеткен.
Аталған фактіге сәйкес, қылмыстық іс қозғалып, ұрлықтың куәгері болуы мүмкін деген адамдардан жауап алынады, сонымен қатар кассаға ревизия жүргізіледі. Жауап алу кезінде полиция қызметкерлері касса қызметкерінің өтірік айтқанын байқап қалған.

"Ревизия барысында кассаға 5 миллион теңгенің жетіспей тұрғаны анықталған. Тергеу барысында әйел өзінің осы қарызды жабу үшін ұрлық туралы өтірікті ойлап тапқанын айтты", - деп хабарлайды Алматы облысы ІІБ баспасөз қызметі.

Арызданушының берген жауабына сәйкес, аталған қылмыстық іс тоқтатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу