"Қазпоштадан" келген хабарламаларға сақ болыңыздар: Алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болды

472

Бұл туралы Бас прокуратура ескертті.

"Қазпоштадан" келген хабарламаларға сақ болыңыздар: Алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болды Фото: ЖИ/24.kz

Тұрғындарға жіберілетін хабарламаның қазақ тілінде, әрі өте сауатты жазылуы көпшіліктің сенімін оятады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алайда бұл – ақша мен құпия деректерді ұрлауға арналған фишингтік сайт. Ол сыртынан "Қазпоштаның" ресми парақшасына өте ұқсас етіп жасалған.

Алаяқтар өзін "Қазпошта" өкілімін деп таныстырып, азаматтарға шетелдік нөмірлерден хабарлама жібереді. Мәселен, биыл 9 қарашадан бастап +212 коды бар нөмірлерден "сәлемдемеңіз келді" деген хабарлар жиілеп кеткен.

Қаскүнемдер мекенжайды нақтылау үшін хабарламадағы сілтемеге өтіп, жеке мәліметтерді толтыруды сұрайды.

Құқық қорғау органдары азаматтарға бейтаныс сілтемелерге баспауды, жеке мәліметтерді ешқашан енгізбеуді және кез келген ақпаратты тек поштаның ресми арналары арқылы ғана тексеруді қатаң ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу