"Қазпоштаға" жаңа басшы тағайындалды

363

"Қазпошта" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып Бекежан Жакеев тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Қазпоштаға" жаңа басшы тағайындалды  Фото: gtipc.org

Бекежан Жакеев – құқық және экономика салалары бойынша жоғары білімді маман.

Ол "Әділет" Жоғары құқық мектебі жанындағы Заң академиясын "Құқықтану" мамандығы бойынша, сондай-ақ Астана қаласындағы Еуразиялық гуманитарлық институтты "Экономика және бизнес" мамандығы бойынша аяқтаған.

Жаңа қызметке келмес бұрын, ол "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу