"Қазселденқорғау" мекемесінің жаңа басшысы тағайындалды

174

Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерболат Садырбаев "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды. 

"Қазселденқорғау" мекемесінің жаңа басшысы тағайындалды Фото: instagram.com/112_kazselezashita

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен бұл қызметке Аслан Сабыржанұлы тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ол 1983 жылы Алматы қаласында туған, жоғары білімді. Әр жылдары мемлекеттік органдар мен жеке құрылымдарда еңбек еткен. Бұған дейін ТЖМ-нің "Селденқорғау Құрылыс" РМК директоры қызметін атқарды.

Айта кетейік, кеше ғана "Қазселденқорғау" мекемесін басқарған Ерболат Садырбаев Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу