"Қазсушар" филиалдары 524 жаңа арнайы техникамен толықты

104

Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміз бойынша "Қазсушар" РМК филиалдарын жаңа арнайы техникалармен қамту жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазсушар" филиалдары 524 жаңа арнайы техникамен толықты Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Бүгінге дейін кәсіпорын филиалдары 524 автокөлік пен құрал-жабдық алды. Жаңа техникалар суару каналдарын механикалық тазалауға және гидротехникалық құрылыстарды жөндеуге пайдаланыла бастады. 

Жалпы алғанда "Қазсушар" филиалдарына барлығы 757 автокөлік мен құрал-жабдық беру жоспарланып отыр. Министрлік ұсынған техникалар қатарында экскаваторлар, тиегіштер, шынжыр табанды экскаваторлар, тракторлар, тіркемелер, самосвалдар, тартқыш көліктер, автокрандар, жанармай тасымалдағыштар, қосалқы құрал-жабдықтар мен дизельді генераторлар бар.

– Жаңа техникалар вегетация кезеңінің тұрақты өтуіне жағдай жасау үшін, соның ішінде каналдардың өткізу мүмкіндігін арттыру мақсатында оларды тазалау жұмыстарына қолданылып жатыр. Қазіргі уақытта "Қазсушар" филиалдары жалпы ұзындығы 2 011 шақырым болатын суару каналдарында механикалық тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр, оның 780 шақырымында жұмыстар аяқталды, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу