"Қазсушар" РМК Азия су кеңесінің құрамына қабылданды

101

Азия су кеңесі 2016 жылы наурызда құрылған, штаб-пәтері Корея Республикасының Тэджон қаласында орналасқан.    

"Қазсушар" РМК Азия су кеңесінің құрамына қабылданды Фото: gov.kz

Вьетнамда Азия су кеңесінің (AWC) XXIII Басқарма отырысы өтті. Су ресурстары саласындағы 26 елден 176 ұйымды біріктіретін AWC құрамына "Қазсушар" РМК қабылданды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Қазсушар" РМК бас директорының міндетін атқарушы Әнуар Өскенбаевтің айтуынша, AWC – су мәселелеріне шешім іздеуді мақсат ететін жетекші су платформасы.

"AWC су ресурстарымен айналысатын ұйымдармен, оның ішінде үкіметтермен, академиялық және зерттеу мекемелерімен, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдармен белсенді жұмыс істейді. Олардың қатарында Дүниежүзілік су кеңесі, Халықаралық су ресурстары қауымдастығы, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Азия даму банкі сияқты ұйымдар бар. Сондықтан AWC құрамына ену бізге Азиядағы су саласы бойынша жаһандық кәсіби желінің жұмысына қатысуға мүмкіндік береді", – деді Ә.Өскенбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу