"Қазсушар" Жамбыл филиалы жаңа арнайы техникамен толықты

169

Бүгінгі таңда филиал 51 жаңа техника алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазсушар" Жамбыл филиалы жаңа арнайы техникамен толықты Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Оның ішінде экскаватор-жүк тиегіштер, шынжыр табанды экскаваторлар, тракторлар, тіркемелер, самосвалдар, тартқыштар, автокран, жанармай құю көлігі және жылжымалы автожөндеу станциясы бар.

Жалпы алғанда филиалға 71 техника бөлінген, қалған 20 техника жыл соңына дейін жеткізіледі. Арнайы техникалар паркі толықтырылмас бұрын филиалда 64 техника болған.

Барлық жаңа техника "Қазсушар" РМК-ның Жамбыл филиалының өндірістік учаскелеріне бөлінеді. Сатып алынған жабдықтар су беру тұрақтылығын арттыруға, сондай-ақ су шаруашылығы нысандарын күтіп-ұстау мен жөндеуді жақсартуға айтарлықтай мүмкіндік береді.

"Министрлік еліміз бойынша "Қазсушар" РМК филиалдарын жаңа техникалармен жабдықтауды жалғастырып жатыр. Бүгінге дейін кәсіпорын филиалдарына жоспарланған 757 арнайы техника мен автокөліктің 400-ден астамы берілді. Бұл техника құрылыс-монтаж және тазалау жұмыстарына белсенді түрде пайдаланылып жатыр", – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу