"Қазтелерадио" АҚ-ны тергеп-тексеру аяқталды

1174

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 11 618 205,36 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза қолданды.

"Қазтелерадио" АҚ-ны тергеп-тексеру аяқталды

"Қазтелерадио" АҚ-ға қатысты монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлайды ҰЭМ баспасөз қызметі.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті  "Қазтелерадио" АҚ-ға қатысты тексеру жүргізді.

"Қазтелерадио" телекоммуникациялық жабдықтарды сақтау жөніндегі қызметтерге нарық субъектiлерiмен немесе тұтынушылармен жасалған мәні бірдей келiсiмдерге әртүрлi бағаны, әртүрлi шартты қолданған. Осылайша ҚР бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу фактісі анықталды.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 2018 жылғы 20 қарашадағы қаулымен АҚ-ны құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 11 618 205,36 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза қолданды (қазіргі кезде заңды күшіне енді).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу