"ҚазТрансГаз" бен NCOC өзара келісімге қол қойды

677

Қашаған кен орнынан шикі газды өңдеу қуатын 2 млрд м3-ге арттыру көзделіп отыр.

"ҚазТрансГаз" бен NCOC өзара келісімге қол қойды

Солтүстік Каспий Жобасының операторы "Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В." (NCOC) компаниясы мен "ҚазТрансГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ келісімге қол қойды. Тараптар 2022-2023 жылдар кезеңінде Қашаған кен орнының 2А Кезеңін базалық жобалауда бірлесе жұмыс істейді, деп хабарлайды inbusiness.kz ұлттық компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2A Кезеңінде жылына 2 миллиард текше метр күкіртті газды өңдеу есебінен Қашаған кен орнынан мұнай өндіру көлемін тәулігіне шамамен 50 000 баррельге ұлғайту мақсаты қойылған.

2A Кезеңін іске асыру үшін NCOC операторына күкіртті газды қолданыстағы трассамен тасымалдау үшін екі газ құбырын салу қажет. Біріншісі – Қашаған теңіз кешенінен "Болашақ" МГКДҚ-ға (мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысы) дейін және екіншісі "Болашақ" қондырғысынан 1 млрд м3 көлемінде газ өңдейтін салынып жатқан зауытқа дейін. Сонымен қатар теңіз және жерүсті кешендерінің қолданыстағы құрылыстарын жаңғырту жұмыстарының шағын көлемін орындау көзделеді.

Жоба 1 млрд м3 көлемінде салынып жатқан газ өңдейтін зауыт (ГӨЗ)  жобасына қосымша қуаттылығы жылына 2 миллиард текше метрге дейінгі күкіртті газды өңдейтін жаңа ГӨЗ салуды қарастырады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу