banner

"ҚазТрансОйл" 2023 жылдың I тоқсанында Германияға мұнай тасымалдайды

Алғашқы партияның көлемі 300 мың тонна. 

"ҚазТрансОйл" 2023 жылдың I тоқсанында Германияға мұнай тасымалдайды Фото: inbusiness.kz

Қазақстандық компания РФ Энергетика министрлігінен 2023-ші жылдың I тоқсанында "Транснефть" ЖАҚ магистральді мұнай құбыры жүйесі арқылы "Адамова застава" мұнай бекетімен әрі қарай Германияға 300 мың тонна көлемде қазақстандық мұнай жеткізу бойынша растау қағазын алды.

"Бұл жөнінде Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі бекіткен ТМД мемлекет-мүшелерінің мұнайын Ресей Федерациясы аумағы арқылы мұнай құбырлары жүйесімен өтетін транзит кестесі жазбасында айтылған. Мұнайдың аталмыш транзиті Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасында 2002-ші жылдың 7-ші маусымда жасалған арнайы келісімшарт негізінде іске асады", – деп хабарлады "ҚазТрансОйл" АҚ баспасөз қызметі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу