banner

"ҚазТрансОйл" АҚ Германияға мұнай тасымалдау үшін құжат дайындап жатыр

Бастапқыда 20 мың тонна "қара алтын" жөнелтілмек.  

"ҚазТрансОйл" АҚ Германияға мұнай тасымалдау үшін құжат дайындап жатыр Фото: petroleumjournal.kz

"ҚазТрансОйл" АҚ "Транснефть" ЖАҚ-қа "Адамова застава" мұнай тапсыру пунктінің бағыты бойынша Германияға мұнай тасымалдау үшін маршруттық тапсырманы рәсімдеуге тапсырыс жіберді.

Бұл туралы компанияның жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаментінің директоры Шыңғыс Ілиясов хабарлады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"2022 жылдың желтоқсан айында "ҚазТрансОйл" АҚ 2023 жылы 1,2 млн тонна қазақстандық мұнайды "Транснефть" ЖАҚ магистралды мұнай құбырымен "Адамова застава" мұнай бекеті арқылы Германияға жеткізуге өтінім берген болатын. Мұнайдың бұл транзиті Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы үкіметі арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы келісім шеңберінде жүзеге асады", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу