"ҚазМұнайГаздың" еншілес компаниясы – "ҚазТрансОйл" еншілес және бірлесіп бақыланатын ұйымдарды қоса алғанда, республикалық бюджетке 15,7 млрд теңге көлемінде салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді аударды. 2025 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда өсім 7,5% құрап отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
ҚТО жалпы сомадан 10,6 млрд теңге жеке салық төледі, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14% жоғары.
Оның ішінде:
- республикалық бюджетке ең ірі төлем – 3,3 млрд теңге көлеміндегі корпоративтік табыс салығы
- жергілікті бюджеттерге ең ірі төлемдер – 3,5 млрд теңге көлеміндегі мүлік салығы, жеке табыс салығы – 2,1 млрд теңге, әлеуметтік салық – 1,7 млрд теңге.
Салық міндеттемелерін сенімді орындауды және бизнесті ашық жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ҚТО елдің тұрақты дамуына және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге өз үлесін қосып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу