"ҚазТрансОйл" мен "Транснефть" он жылға созылған жұмысты аяқтады

872

"ҚазТрансОйл" Ресейдегі мұнайын қайтарып алды

"ҚазТрансОйл" мен "Транснефть" он жылға созылған жұмысты аяқтады

2019 жылғы 21 шілдеде "ҚазТрансОйл" АҚ-ға тиесілі және Ресей Федерациясының аумағында "Омск-Павлодар" магистральдік мұнай құбырында болған 141 728 тонна технологиялық мұнайды қайтару жұмыстары аяқталды.

"ҚазТрансОйл" және "Транснефть" компаниялары он жылдан астам созылған жұмысты аяқтады. Мұнайды ығыстыру жұмыстарының аяқталуы "ҚазТрансОйл" АҚ-ға заң жүзінде бұрын даулы болған 141 728 тонна мұнайдың меншікті иесі болуға мүмкіндік берді. Бұл мұнайды біздің компания мұнай тасымалының технологиялық барысында пайдаланатын болады", – деді бас директоры Димаш Досанов "ҚазТрансОйл" АҚ. 

Еске сала кетсек, КСРО тарағаннан кейін және құбырларды аумақтық қағидаттар бойынша бөлуде Қазақстан аумағындағы "Түймазы-Омбы-Новосібір-2" мұнай құбырларындағы  62 048 тонна көлеміндегі технологиялық мұнай "Транснефть" ЖАҚ-тың еншілес құрылымының балансында қалып кетті және "КазТрансОйл" АҚ меншігіндегі "Омск-Павлодар" мұнай құбырындағы 141 728 тонна көлеміндегі мұнай Ресей аумағында қалып, меншіктік құқық айқындалмаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу