Алматыда тағы да ҚазҰУ-дың 1-курс студенті қаза тапты

1594

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінің 1 курс студенті қаза тапты.

Алматыда тағы да ҚазҰУ-дың 1-курс студенті қаза тапты Фото: Жанар Каримова

Аталған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлттық университеттің ұжымы марқұмның ата-анасы мен туған-туыстарына көңіл айтып, отбасына материалдық және моральдық қолдау көрсететінін мәлімдеді.

Сондай-ақ оқу орны әкімшілігі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін құқық қорғау органдарына көмектесіп жатқанын хабарлады.

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктінің ұсталғанын растады.

"Аталған факті бойынша Бостандық ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта істі толық, жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз етуге бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде", – делінген департамент таратқан хабарламада.

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.  Осыған байланысты оқу орны көпшілікті қара жамылған отбасының қайғысына құрметпен қарап, ресми расталмаған ақпаратты таратпауға шақырды.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде студенттердің қатысуымен түнде болған оқиға туралы түрлі ақпарат тарады. Атап айтқанда, студенттер арасында төбелес болғаны айтылған. Әзірге айтылған болжамдардың ешқайсысы ресми түрде расталған жоқ.

Айта кетейік, осы жылдың 6 қарашасында Журналистика факультетінің 1 курс студенті өмірден озды.  Аталған оқиғаға байланысты да полиция қылмыстық іс қозғады.

11 қарашада ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҚазҰУ-дың Қылмыстық-процестік кодекс нормаларына байланысты бұл іске қатысты ақпарат тарата алмайтынын түсіндірген еді. Министрлік өкілдері қыздың қамқоршыларымен байланысқа шыққан. Ал жерлеуге қажетті шығындардың барлығын университет өз мойнына алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу