ҚазҰУ оқу корпустарының шатырына күн панельдері орнатылды

322

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлім етті.

ҚазҰУ оқу корпустарының шатырына күн панельдері орнатылды Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі бірқатар оқу корпустарының шатырына күн панельдері орнатылды. Атап айтқанда, Экономика және бизнес жоғары мектебі, журналистика, заң, тарих, география, биология, филология және медицина факультеттерінің ғимараттары күн панельдерімен жабдықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аталған жоба энергияны үнемдеуге және электр қуатына кететін шығынды айтарлықтай азайтуға септігін тигізеді.

Энергия өндіру станциясы келісім шеңберінде Қытай тарапымен бірлесіп 20 мың шаршы метр аумаққа салынды. Жоба іске қосылғаннан кейін оқу ордасының электр энергиясына деген қажеттілігінің бір бөлігі баламалы көздер арқылы қамтамасыз етілетін болады. Бұл студенттер мен қызметкерлерге тұрақты, экологиялық таза энергияны пайдалануға мүмкіндік береді, сонымен қатар университеттің инновациялық имиджін нығайтады.

Болашақта жоспарға сәйкес ҚазҰУ қалашығындағы барлық факультеттер мен жатақханалар күн панельдерімен қамтамасыз етіледі. Бұған қосымша қалашықтағы оқу корпустары мен әкімшілік ғимараттарының, студенттер үйінің, ғылыми орталықтардың шатырлары толық жаңартылады. Шатырдағы ескі жабындылар алынып, тегістеу жұмыстары жүргізілді. Кейін қара қағаз төселіп, суағар жүйесі орнатылды. Аталған шаралар нысанның ұзақ мерзімге қызмет етуін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатыр.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу