ҚазҰУ төңірегіндегі жер дауы аяқталар емес

666

Алматы қаласының Жер ресурстарын басқару департаменті әл-Фараби даңғылының бойында ҚазҰУ жерлерін жекеменшікке игеруге берген қала әкімдігінің шешімдерін (2017-2021 жж.) заңсыз деп таныды, деп жазды inbusiness.kz

ҚазҰУ төңірегіндегі жер дауы аяқталар емес

Алматы әкімдігінің заңсыз әрекеті туралы танымал заңгер Бақытжан Базарбек Facebook желісінде мәлім еткен болатын. 

Оның өтініші негізінде департамент әкімдікке қатысты тексеру жүргізді. 

Ведомствоның мәліметінше, 2017 жылдың 1 тамызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Алматы қаласы әкімдігіне Әл-Фараби даңғылы, 71 бойындағы жер телімінің шекарасын түзету туралы өтінішпен жүгінген. 

ҚазҰУ өз аумағын 73,2-ден 72,1 гектарға дейін қысқартуды жоспарлаған еді. 

Алматы жер комиссиясы екі күннің ішінде оң қорытынды шығарып, 5 тамызда жер паркинг салу үшін "Omirex" ЖШС-ға қысқа мерзімді пайдалануға берілген.  

Телім әл-Фараби даңғылының бойында 69/5 және 69/7 деген екі дербес учаскеге бөлінді. Ведомство 2018 жылы бұл компанияның жарғылық капиталы "Аркада Impex" ЖШС-не кеткенін, содан кейін бұл жаңа ЖШС "Atlas Development" атауына ие болғанын түсіндірді.

ҚазҰУ аумағын қысқарту жобасы бекітілгеннен кейін, 2017 жылғы 2 қазанда жалпы үлестік жер телімін тұрақты пайдалануға беру туралы қаулы қабылданып, аумақ ҚазҰУ-ға берілді. Ал 2017 жылғы 28 қазандағы шешімінен кейін "жоғарыда көрсетілген 2017 жылғы 2 қазандағы шешімінің қолданылуын тоқтата отырып, 10 жыл мерзімге уақытша өтеулі ұзақ мерзімді ортақ үлестік пайдалануға беру туралы шешім шығарылған.

"Алматы қаласы бойынша жер телімдерін беру жөніндегі комиссия отырысының 2017 жылғы 3 тамыздағы хаттамасы және Алматы қаласы әкімінің 2017 жылғы 2 қазандағы қаулысы Заңның 14, 15, 20 және 135-баптарын бұзады", – деді ведомствода.

Басқармада түсіндірілгендей, Білім және ғылым министрлігінің келісімінсіз мұндай шешім қабылдауға болмайды.

"Азаматтық кодекстің 200-бабының 1-тармағына сәйкес шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын меншік иесінің немесе ол уәкілеттік берген мемлекеттік органның жазбаша келісімінсіз мүлікті иеліктен айыруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге, жалға беруге құқығы жоқ", – деп түсіндірді департаментте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу