Қазығұрт етегінде 500 аттылы адам қойылым көрсетті

1232

Қазығұрт етегінде 500 аттылы адам қойылым көрсетті

ОҚО-да биыл Наурыз мерекесі ерекше аталып өтті. Күллі тіршілік, өмір бастау алған Нұх пайғамбардың кемесі қалған қасиетті Қазығұрт тауының баурайында тойланды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Елбасымыз ұсынған "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" жобасы аясында шаралар ұйымдастырылды. Тіпті "Рухани жаңғыру" бағдарламасындағы символикалық құстың Астанадан ұшып, Қазақстан жерін аралап, Оңтүстік Қазақстан облысына келіп, Қазығұрт тауының басына қонуы көпшілікке 3D форматта лэд экранда көрсетілді. Кейін тауға қонған құсты 500 атты адам Қазығұрт тауының бөктерінде жалаушалармен бейнеледі. Тау етегінде көрсетілген қойылымға 550 адам мен 500 ат қатысты. Бұл композиция Н.Бейсеқожаевтың "Рухани жаңғыру" әнімен сүйемелденді.

Айрықша театрландырылған қойылымдармен көмкерілген мерекеде Дихан баба шақырылып, қыс кетіп көктемнің келуіне орай  гүлдің ішінен Көктем  қыздың шығуы көрсетілді. Сондай-ақ, 500-ге жуық көгершін көкке ұшырылды. Осылайша ұлық мереке қасиетті тайда ұлықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу