Қазығұртта газобетон блогын шығаратын зауыт іске қосылды

962

Қазығұртта газобетон блогын шығаратын зауыт іске қосылды

ОҚО Қазығұрт ауданында "Отырабат-Құрылыс" серіктестігінің газобетон блогын шығаратын өндіріс орнын іске қосу рәсімі өтті. Шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл жоба индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында аудандағы индустриялды аймақта жүзеге асып отыр. Кәсіпорын жылына 12 мың шаршы метр газобетон блогын шығаратын болады.

Кәсіпорынның жұмысымен танысқан аймақ басшысы, оның маңыздылығының арта түсетіндігін ерекше атап өтті.  "Өндіріс саласында жақсы оқиға, ол осы ауданның және көрші аудандардың қажеттілігі үшін газобетон блогын шығаратын зауыттың іске қосылуы. Құны 120 млн теңге болатын жобаның іске қосылуы құрылыс үшін маңызды. Сондықтан бұл бастаманы қолдаймын. Аталған аудандағы индустриялды аймақта қазір жалпы құны 2 млрд теңгені құрайтын 7 жоба жүзеге асырылуда. Кәсіпорындар ашылса, салық түсіп, ел бюджеті молаяды, тұрғындар жұмыспен қамтылатын болады", - деді әкім.

Мұнда жылына 12 мың шаршы метр, яғни 336 мың дана газобетон блогы шығарылады. Құрылыста тиімді болып келетін бұл өнімнің ені 30 см, биіктігі 40, ал ұзындығы 60 см.  Аталған кәсіпорынның өнімдері өңірде салынатын көпқабатты тұрғын үйлерде қолданылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу