Қазына қаржысы қайда жұмсалады?

712

Үкімет әлеуметтік-экономикалық дамудың 2021 жылға арналған болжамының көрсеткіштері мен индикаторларын қайта қарап, нақтыланған нұсқасын бекітті. 

Қазына қаржысы қайда жұмсалады? Фото: inbusiness.kz

Атқарылған шара шеңберінде биылғы жалпы ішкі өнімнің нақты өсу көрсеткіші – 3,1%, бір баррель мұнайдың бағасы – 50 доллар, ұлттық валюта бағамы бір доллар үшін – 425 теңге деңгейінде болжанды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Премьер-министр Асқар Маминнің мәлімдеуінше, 2021 жылға арналған нақтыланған бюджет шығысының бір бөлігі пандемиямен күрес шараларын қаржыландыруға, денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға, сондай-ақ экономиканың нақты секторын ынталандыруға бағытталады. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу