Kcell Solutions компаниясының бұрынғы басшысы сотталды

843

Ол 467 млн теңгеден аса қаражатты заңсыз иемденген.

Kcell Solutions компаниясының бұрынғы басшысы сотталды

Kcell Solutions ЖШС-ның бұрынғы қаржы директоры 7 жылға сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, бұрынғы топ-менеджер қаржылық құжаттарды бұрмалап, өзіне заңсыз аванстар жазған.

"2018 жылдан бастап 2021 жылға дейін ол 5 компанияның есеп айырысу шоттарына ақша аударған, сондай-ақ 467 млн теңгеден аса қаражатты заңсыз иемденген", – деп жазылған хабарламада.

Ұрланған ақшаны бұрынғы қаржы директоры Алматыдағы букмекерлік кеңселерге барып, ұтысқа тіккен. Салдарынан ақшасынан айырылып қалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу