"Kcell Solutions" ЖШС-нің бұрынғы қаржы директорына үкім кесілді

655

М. Шөкейге 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Kcell Solutions" ЖШС-нің бұрынғы қаржы директорына үкім кесілді

Тергеу барысында "Kcell Solutions" ЖШС-нің бұрынғы қаржы директорының кінәлі екені анықталған.

Азамат М. Шөкей 2018 жылдың ақпанынан 2021 жылдың сәуіріне дейінгі аралықта 5 компанияның есеп шотына ақша аудару арқылы қаражат ұрлаған, сондай-ақ 467 миллионнан астам теңге көлемінде аванс алған.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оның осы әрекетінен "Кселл" АҚ-ға аса ірі көлемде зиян келген.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында компанияның бұрынғы қаржы директоры ұрланған ақшаны Алматыдағы букмекерлік кеңселерде бәс тігіп, жұмсағаны анықталды. Сот үкімімен азамат М. Шөкей Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189 бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сондай-ақ ол 10 жыл мерзімге қаржылық жауапкершілікпен байланысты қызметтерді атқару құқығынан айырылды", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу