ҚДБ "HILL Corporation" ЖШС-ге 1 млрд теңге несие берді

1158

ҚДБ "HILL Corporation" ЖШС-ге 1 млрд теңге несие берді

"Қазақстан  даму банкі" АҚ (ҚДБ) "HILL Corporation" ЖШС-ге ("HILL Corporation") Орталық Азияның бірқатар елдері мен Ресейге өндірістік майлау материалдарын экспорттық жеткізуді іске асыру үшін 1 млрд теңге несие берді деп ҚДБ баспасөз қызметі  хабарлады  деп жазды "Интерфакс-Қазақстан".

Несиенің көрсетілген мерзімі – 3 жылға дейін.

"Қаржыландыру кейін өндіруге және өндірістік техниканы майлайтын материалдарды экспорттау үшін шикізат (базалық май, химиялық қоспа)  сатып алуға ұсынылды.  Бүгінгі күні HILL Corporation осы экспортты операция барысында Ресей, Қырғызстан, Өзбекстанның компанияларымен 7 мың тонна өнімді жеткізуге келісімшарт жасады", – деп көрсетілген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпары бойынша, HILL Corporation үлесіне қазақ нарығындағы корпоративтік сектордағы трансмиссиялық, индустриалдық және мотор майының 60%-на дейіні, жеңіл және жүк көліктері үшін майлайтын материалдың бөлшек нарығының 10%-на дейіні тиесілі. 

Сонымен бірге HILL Corporation Қазақстанда базалық май зауытын салуды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу