ҚДБ үш жылдық теңгелік еурооблигациялардың дебюттік шығарылымын жасады

807

ҚДБ үш жылдық теңгелік еурооблигациялардың дебюттік шығарылымын жасады

"Қазақстанның даму банкі" АҚ (ҚДБ, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі арқылы ҚР үкіметіне тиесілі) купондық мөлшерлемесі жылына 9,5%-ды, ал өтеу мерзімінің кірісі жылына 9,625%-ды құрайтын 100 млрд теңге көлеміндегі үш жылдық теңгелік еурооблигациялардың дебюттік шығарылымын жасады. Аталған мәміле бойынша есептесу 14 желтоқсан күні өтеді. Бұл туралы ҚДБ-ның басқарма төрағасы Болат Жәмішев мәлімдеді, деп хабарлайды abctv.kz.
Болат Жәмішевтің сөзінше, шығарылым банк үшін ғана емес, тұтас ел үшін де дебюттік болып отыр. Банкир атап өткендей, теңгедегі шығарылым алғаш рет нақты бір инвестор үшін емес, салыстырмалы бәсекелестік ортаға бағытталды.  

"Біздің елде бұған дейін де теңгелік облигациялар басқа эмитенттермен орналастырылған. Олар қазақстандық, халықаралық ұйымдардың қатысуымен жүзеге асырылды. Ақпаратқа сүйенсек, бұл шығарылымдар негізінен қазақстандық эмитенттермен, БЖЗҚ-мен (Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) байланысты болды. Ал теңгелік еуробондтардың қазақстандық және халықаралық инвесторлар ортасында ашық түрде орналастырылуы біздің ел үшін алғашқы қадам болып отыр", – деді банкир.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу