ҚДКБҚ депозиттер бойынша 2021 жылдың шілдесіне тиесілі максималды мөлшерлемелерді жариялады

1103

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) теңгелік депозиттер бойынша 2021 жылдың шілде айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті.

ҚДКБҚ депозиттер бойынша 2021 жылдың шілдесіне тиесілі максималды мөлшерлемелерді жариялады

Қысқа мерзімді депозиттер бойынша ұсынылған максималды мөлшерлемелер Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесінің мәні қайта қаралмағандықтан өзеріссіз қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz қор баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"24 айға арналған ұзақ мерзімді жинақ және мерзімді салымдар бойынша максималды мөлшерлемелер де бұрынғы деңгейінде қалды. Бұған депозит нарығының осы сегментінде белсенділіктің төмендігі себеп болды. Бұл ретте теңгелік депозиттердің ішінде ең табыстысы - 12 айға арналған, толықтырып отыруға болмайтын жинақ салымдар болып қалуда - 14,0%",– деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу