Кеден дауы қазақ кәсіпкерлеріне зиянын тигізіп отыр

736

Кеден дауы қазақ кәсіпкерлеріне зиянын тигізіп отыр

ҚР қаржы министрлігі мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы Ғұсман Әмрин Қазақстан мен Қырғызстан арасында орын алған кедендік түйіткілді шешудің 3 жолын ұсынды, деп хабарлайды naryk.kz.
Мемлекеттік кіріс комитеті төрағасының айтуынша қырғыздар өз елдерінде, өз кеден қызметінде бақылау жұмысын қажетті деңгейде атқаруы керек.
"Қырғыз кеден қызметі тарапынан құқық бұзушылық, кемшіліктер орын алып жатқаны дәлелденген, ол анық. Бұл Қазақстанның шешімі емес, шығарғаны емес. Бұл мәселені шешу үшін бір ғана мүмкіндік бар, ол бауырлас мемлекеттің кеден қызметімен бірлесіп қызмет атқару. Ондай ұсыныстар болды, өз басым былтыр мемлекет тапсырмасымен Қырғызстанға барып сондай ұсыныс айтқан болатынмын,  жағымсыз жағдай орын алып жатқанын айтқан болатынмын", – деді спикер.
Ғұсман Әмрин екі ел арасындағы орын алған кедендік түйіткілді шешуде 3 жол барын айтты: іріншіден, тауардың құны бірдей болуы керек, екі жаққа да тең болуы шарт, салықтар да теңдестіріледі сонда. Бір тауардың құны бір мемлекетте 10 АҚШ доллары, екінші мемлекетте 1 АҚШ долларына тең болмауы керек. Екінші тәсілі  қырғыз кеденшілері Қазақстан шекарасына келіп, жұмыстың ашық жүргізілуіне көз жеткізуі керек.  Бірдей қарайық деген ұсыныс жасалды. Үшіншісі – ол тауарлар бойынша  ақпарат алмасу: қандай тауар, бағасы қандай деген секілді. Осындай үш ұсыныс бар. Тағы да айтамын, бауырлас мемлекет болған соң екі ел арасындағы түйіткілдің шешімі бір – бірлесіп бақылау жұмыстарын атқару. Қырғыз тарабы бұған келіспейтін болса, онда біз өздігімізше бақылау жұмыстарын күшейте береміз. Әрине бұл кәсіпкерлерге қосымша ауыртпалық түсіреді. Ол туралы бәріне ашық айтып отырмыз. Бұл үдерістегі ең қажеттісі – ашықтық. Кімде қандай олқылықтар болды олардың бір дәлелденген, дәйектері бар", – деді Ғұсман Әмрин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу